1 сағат бұрын

Әлем кубогында қазақстандық шаңғышылар қай орын алды?

Әлем кубогында қазақстандық шаңғышылар қай орын алды?

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазіргі таңда Финляндияның Рука қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Әлем кубогы аясында әйелдер арасында 10 шақырым қашықтыққа жекелей жарыс ұйымдастырылды.

Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіске жетті. Норвегия өкілі Хэйли Венг мәреге екінші болып келді. Үшінші орынды тағы бір швециялық Моа Илар алды.

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

- Анна Мельник - 65-орын;

- Дарья Ряжко - 71-орын;

- Надежда Степашкина - 72-орын;

- Ангелина Шурыга - 77-орын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас