2 күн бұрын

Каратэден Софья Берульцева Әлем чемпионатының финалына шықты

Каратэден Софья Берульцева Әлем чемпионатының финалына шықты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындар, Азия ойындары мен чемпионатының жеңімпазы Софья Берульцева Каирдегі әлем чемпионатының жартылай финалында Рошель Уолтерсті (Англия) ұтты, деп хабарлайды Sport12.kz

Ертең түнде Берульцева алтын медаль үшін Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен айқасады. Сондай-ақ Дидар Әмірәлі (-67 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, кеше Софья +68 кг салмақта топтық кезеңде барлық қарсыласынан басым түскен. Олар: 

Софья Берульцева - Исра Бен Тайеб (Тунис). Есеп 3-3

Софья Берульцева - Мария Коман Кристина (Румыния) Есеп 3-3

Софья Берульцева - Бао Беднарски Софи (Швеция). Есеп: 3-1

Ал 1/8 кезеңде Ұлттық құрама спортшысы Клио Ферракутиді (Италия), бүгін ширек финалда Ингрид Крименсті ұтты.

Барлығы Қазақстан құрамасы сапында Мысыр астанасына кумите бағдарламасында 8 спортшы аттанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас