1 күн бұрын
Софья Берульцева әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық каратист Софья Берульцева Каирде өтіп жатқан Әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Жартылай финалда ол англиялық Рошель Уолтерсті 5:3 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет әлемдік біріншіліктің финалына жолдама алды.
Ал шешуші айқаста Берульцева алтын жүлде үшін германиялық Йоханна Книрмен кездеседі.
Отандасымыз үшінші мәрте әлемдік аренада жүлдеге таласып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас