1 күн бұрын
Каратэден Дидар Әмірәлі Әлем чемпионатында қола жүлде алды
Бүгін Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Кумитеден -67 кг салмақта қола медаль үшін айқаста отандасымыз Дидар Әмірәлі мен чилилік Фрейре Фуэнтес Томас күш сынасты. Қарсыластың қатаң ереже бұзуына байланысты Халықаралық каратэ федерациясының (WKF) шешімімен Чили спортшысы айқастан шеттетіліп, жеңіс Дидар Әмірәліге берілді.
Ұлттық құрама спортшысының Каирдегі жекпе-жектеріне шолу:
Топтық кезең:
Дидар Әмірәлі - Мұхаммед Оздемир (Тунис) 1-2
Дидар Әмірәлі - Озер Омер Абдурахим (Түркия) 2-2.
Дидар Әмірәлі- Уильямс Жоди (Оңтүстік Африка) 7-0.
1/8 кезең: Әли Ельсави (Мысыр) 5-4.
Ширек финал: Саид Убая (Марокко) 5-5.
Айта кетейік, Дидар осыған дейін 2023 жылы Мажарстан астанасы Будапеште өткен әлем чемпионатында осы салмақта 3-орын алған. Бұл - оның екінші медалі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов