1 күн бұрын
Каратэден Әсел Қанай Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бүгін Мысыр астанасында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында кумитеден 61 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Әсел Қанай үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Sport12.kz
Ұлттық құрама спортшысы жүлде жолында украиналық Олександра Шолоховадан басым түсті. Есеп: 3-2.
Әселдің биылғы чемпионаттағы жекпе-жектеріне шолу:
Топтық кезең:
Әсел Қанай - Вафа Махжуб (Тунис) 1-2
Әсел Қанай - Али Хани (Үндістан) 8-0
Әсел Қанай - Нина Радженович (Швейцария) 3-1.
1/8 кезең: Әсел Қанай - Әли Нурсен (Мысыр) 5-2
Ширек финал: Әсел Қанай - Гонг Ли (Қытай) 1-1.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен 2-жүлде. Ерлер арасында Дидар Әмірәлі үздік үштікке түйіндесе, біраздан соң Софья Берульцева финалда бас жүлдеге таласады.
WKF каратэ елімізде бұқаралық сипат алған спорт түрінің қатарында. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енді. WKF каратэ Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар, Ислам Ынтымақтастығы және ТМД елдері ойындары сынды көптеген кешенді жарыстың бағдарламасында бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов