1 күн бұрын

Әлем чемпионатына қатысқан кикбоксшыларымыз Астанаға оралды

Әлем чемпионатына қатысқан кикбоксшыларымыз Астанаға оралды

Кикбоксингтен 21-30 қараша күндері Абу-Дабиде (БАӘ) өткен жаһандық додада бақ сынаған жерлестерімізді елорданың халықаралық әуежайында қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Отандастарымызды әуежайда туған-туыстар, жаттықтырушылар, достары салтанатты түрде күтіп алды.

Бір аптаға жалғасқан бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде кикбоксшыларымыз жалпы есепте 12-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Абу-Дабиде ұйымдастырылған әлем чемпионатында 85 елден 2000-ға жуық спортшы жүлдеге таласты.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас