1 күн бұрын
Каратэден Софья Берульцева әлем чемпионатында күміс медаль алды
Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында 2-орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсылас басым түсті.
Осыған қарамастан Софья қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның жетістіктері:
Жастар арасындағы Азия чемпионаты (2016 ж) Алтын жүлде
Жастар арасындағы әлем чемпионаты (2017 ж) Алтын жүлде
Азия чемпионаты (2019 ж) Күміс жүлде
Токио Олимпиадасы (2021 ж) Қола жүлде
Дүниежүзілік ойындар (2022 ж) Алтын жүлде
Ислам Ынтымақтастығы ойындары (2022 ж) Алтын жүлде
Жазғы Азия ойындары (2023 ж) Алтын жүлде
Азия чемпионаты (2025 ж) Алтын жүлде
Қазақстан командасы Мысырдағы бәсекені 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтады. 27-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапында кумите бағдарламасында 8 спортшы (4 ер, 4 әйел) сынға түсті.
#Kazkarate | #TeamKazakhstan
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов