11 сағат бұрын
Берульцеваға Каирдегі жетістігі үшін пәтер сыйға берілді
Танымал қазақстандық каратистка Софья Берульцева пәтер сыйға алды.
Каирде өткен карате бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған спортшыға жеке баспананың кілті табысталды. Бұл ақпаратты журналист Аслан Каженов әлеуметтік желіде растады:
«Кеше әлем чемпионатында жүлдегер атанған Софья Берульцеваға пәтердің кілтін табыстады. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков ел намысын лайықты қорғап, тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген спортшыны марапаттады. Софья — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындары мен Азия чемпионатының жеңімпазы. Ол Әлемдік әскери ойындар мен Ислам ынтымақтастығы ойындарының қатысушысы. Құттықтаймын!» — деп жазды Каженов.
Айта кетейік, 2021 жылы Берульцеваға 2020 жылғы Токио Олимпиадасының «қола» жүлдесі үшін жаңа пәтердің сертификаты да табысталған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас