2 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ванкуверде (Канада) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, семсер қаруымен айқасудан әйелдер арасында өтетін жарыста София Николайчук ел намысын қорғайды.

Ерлер арасында медаль мен рейтингтік ұпай үшін Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Алексей Касаткин және Александр Федотов бақ сынайды.

Әлем кубогының кезеңі 4-6 желтоқсан аралығында өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас