2 күн бұрын
Қазақстандық таэквондошылар әлем чемпионатында өз тарихындағы үздік көрсеткішке жетті
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Таэквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екі алтын, бір қола жүлде жеңіп алған ел құрамасы жалпы медаль кестесінде Түркия, Иран елдерінен кейінші үшінші орында тұр.
Ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали (87 келі) мен Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жеңімпаз атанса, Тамерлан Тілеулес (63 келі) қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Осылайша отандастарымыз өз тарихындағы үздік көрсеткішке жзетті.
Әлем чемпионатында ел намысын 16 спортшы қорғады.
Ерлер құрамасы сапында Еркебұлан Енсегенов (54 келі), Жавоҳирхон Исламов (58 келі), Тамерлан Тілеулес (63 келі), Арслан Ерментаев (68 келі), Ергеш Бекасыл (74 келі), Батырхан Қусетов (80 келі), Батырхан Төлеуғали (87 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келі) сынға түсті.
Ал әйелдерде Ақбота Желеу (46 келі), Нұрайым Жұмабек (49 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Аяулым Асқар (62 келі), Аружан Найманбаева (67 келі), Назым Махмұтова (73 келі), Алтыншаш Ыдырыс (83 келі) сынды спортшылар сайысқа түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас