1 күн бұрын
«Медеу» мұз айдынын қайта жаңғырту қашан аяқталады?
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
«Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстары 2027 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.
Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады. Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас