1 күн бұрын

Филиппинде шахматтан Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті

Филиппинде шахматтан Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті

Фото: culture.ru

Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен арнайы қажеттіліктері бар шахматшылар арасындағы үшінші Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүбірлі дода барысында Қазақстан спортшылары тамаша нәтиже көрсетті.Ел құрамасынан Әлімжан Аяпов классикада күміс медаль иеленсе, Ерлан Нұрхаев көру қабілеті бұзылған шахматшылар арасында қола, Айғаным Қамбарова блицтегі қола медалінен кейін классикада U20 санатында алтын жеңіп алды.

Ал Наталья Горохова есту қабілеті бұзылған шахматшылар арасында Азия чемпионы болды.

2-7 желтоқсан аралығында өткен жарысқа 6 елден 37 спортшы қатысып, Open, Women, Juniors және Girls U20 санаттарында 90+30 классикалық бақылауымен ойнады.

Командалық есепте Филиппиннен кейін Қазақстан 2-орынға ие болды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас