17 сағат бұрын
Конькимен жүгіруден Қазақстан 11 медаль иеленді
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіру бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының Италияның Коллальбо қаласында өткен кезеңінде 11 медаль иеленді.
Жас сеньорлар арасындағы масс-стартта Абылайхан Қайырғазы мәре сызығын екінші болып қиып, жеңімпаздан небәрі 0,1 секундқа қалып қойды. Оның күміс жүлдесі – Қазақстан құрамасының осы кезеңдегі 11-медалі.
Одан бұрын қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізген:
1000 м, қыздар (жасөспірімдер):
• Кристина Шумекова — алтын
1000 м, қыздар (жас сеньорлар):
• Дарья Важенина — күміс
• Алина Дәуренова — қола
1000 м, ұлдар (жас сеньорлар):
• Дмитрий Осипенко — күміс
• Андрей Семёнов — қола
3000 м, қыздар (жасөспірімдер):
• Кристина Шумекова — алтын
500 м, қыздар (жас сеньорлар):
• Алина Дәуренова — алтын
• Инесса Шумекова — күміс
1500 м, қыздар (жасөспірімдер):
• Кристина Шумекова — алтын
1500 м, ұлдар (жас сеньорлар):
• Дмитрий Осипенко — күміс
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас