4 сағат бұрын
Таеквондодан әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеген жүлдегерлеріміз елге оралды
Бүгін Кения астанасы Найробиде таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен алғашқы әлем чемпионатында жүлде алған спортшыларымыз елге оралды, деп хабарлайды Sport12.kz
Алматы қаласының халықаралық әуежайынан команданы спортшылардың достары, бапкерлер, жанкүйерлер мен федерация басшылығы ыстық ықыласпен қарсы алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орын алды.
Жалпы есеп:
1. Түркия (4 алтын, 2 күміс)
2. Иран (4 алтын,1 күміс 3 қола)
3. Қазақстан (2 алтын, 1 қола)
4. Оңтүстік Корея (1 алтын, 4 күміс).
5. Мысыр (1 алтын, 2 қола)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов