12.12.2025

Павлодар облысында алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Павлодар облысында алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында салынған «Баянаул-Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Sport12.kz

2023-2025 жылдары бой көтерген бүгінде өңірдегі ең ірі әрі заманауи спорт кешендердің бірі.

Кешен ішінде:

– волейбол және баскетболға арналған ойын залдары;

– қазақ күресі, еркін, грек-рим, белбеу күресі және дзюдоға арналған күрес залдары;

– бокс залы;

– үстел теннисіне арналған зал;

– садақ атуға арналған жаттығу алаңы;

– тоғызқұмалақ бөлмесі;

– 25 метрлік бассейн;

– 244 орындық трибунасы бар футбол алаңы;

– веложол бар.

ДСК түрлі спорт түрімен айналысатын 300-ден астам спортшыға жағдай жасап, білікті жаттықтырушылар үшін жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Кешен аудан жастары үшін даярлық орталығына айналып, бұқаралық спорт пен спорттық резервтің дамуына серпін береді.

Биыл Павлодар облысында алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, қазіргі уақытта тағы сегіз нысанның құрылысы жалғасуда. 

Айта кетейік, елімізде 25 760 спорттық нысан жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылуы тұрақты түрде артып келеді. Қазіргі көрсеткіш – 55,1 %. Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 65 %-ға жеткізу жоспарланған.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!