2 күн бұрын

Бибисара Асаубаева әлем чемпионімен тең ойнады

Бибисара Асаубаева әлем чемпионімен тең ойнады

Қазақстанның ең мықты шахматшысы Бибисара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы Екатерина Лагномен тең нәтижеге қол жеткізді.

Өткен демалыс күндері Үндістанның Мумбай қаласында Global Chess League турнирінің үшінші маусымы басталды. Әлемнің 36 үздік гроссмейстерін біріктірген беделді лигада алты клуб өнер көрсетуде. Турнир регламентіне сәйкес, әр команда құрамында кемінде екі әйел шахматшы мен 21 жасқа дейінгі бір ойыншы болуы тиіс. Командалар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша екі мәрте ойнайды.

Аталған турнирде Қазақстан атынан тек Бибисара Асаубаева қатысып жатыр. Ол «Fyers American Gambits» командасының сапында өнер көрсетуде. Бұл клубта сондай-ақ ФИДЕ рейтингінің екінші нөмірі Хикару Накамура, Рихард Раппорт, Владислав Артемьев, Теодора Иняц және Володар Мурзин бар.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 1 миллион АҚШ доллары. Жеңімпаз команда 250 мың доллар, екінші орын 125 мың доллар, ал қола жүлдегерлер 75 мың доллар алады. Қалған 450 мың доллар командалар арасында жиналған ұпай санына қарай бөлінеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас