2 күн бұрын
Астанада бадминтоннан Astana International Challenge халықаралық турнирі өтеді
17-21 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena-да Astana International Challenge 2025 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарысқа бадминтоннан Ұлттық құрама көшбасшысы Дмитрий Панарин бастаған Қазақстан командасы қатысады. Олардың сапындағы отандастарымыздың саны 20-ға жуық.
Жекелей, жұптық және аралас сайыста жүлделер, рейтинг ұпайы сарапқа салынады. Жалпы жүлде қоры - 17.500 АҚШ доллары. Қазір турнирге 250-ге жуық ойыншы тіркеуден өтті.
Жартылай финалдар 20 желтоқсанда өтіп, жүлдегерлер 21-іне белгілі болады.
Айта кетейік, осыған дейін Challenge санатындағы жарыс былтыр сәуірде Орал қаласында өткен. Ал 2023 жылы Шымкент қаласы Future Series (Challenge-ден бір категория төмен) турнирін қабылдаған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов