1 күн бұрын
Австрияда биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.
Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.
Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас