15 сағат бұрын
Шардара армспорт спорт клубы жыл үздіктерін марапаттады
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай қол күресінен Шардара аудандық жылдық қорытынды жарысының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында «Шардара Армспорт» спорт клубының ұжымы мен спортшылары «Шардара ауданына 60 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды.
Сондай-ақ, Әлем чемпионатының жүлдегерлері мен чемпиондары 2025 жылдың «Үздік спортшысы» атағына ие болды. Ал бес жыл қатарынан Әлем чемпионы атанған Нұрмахан Ердәулет «2025 жылдың Ең үздік спортшысы» болып танылып, демеушілер есебінен су жаңа автокөлікке ие болды. «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағы Ақбаева Жазира Асқарқызына беріліп, оған 1 миллион теңге сыйақы табысталды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас