10.12.2025
Қазақ спортшыларының өмірі мен мансабы туралы деректі фильмдер MEGOGO-да
Қазақ спортшыларының өмірі мен мансабы туралы деректі фильмдер MEGOGO-да

Олардың табандылығы таң қалдырады, рухы — жігерлендіреді, ал жеткен нәтижелері — ұлттық мақтанышқа айналды. Бүгін жетістіктері тарих оқулығында орын алған кәсіби спортшыларымыз туралы сөз қозғаймыз. Спорт тақырыбындағы фильмдер әлдеқашан кинематографияның жеке бағыты болып қалыптасты, себебі көрермендер өз арамызда өсіп, кейін күш пен тәртіптің символына айналған адамдардың шынайы оқиғаларына әрдайым құмар.
Біз сіздер үшін MEGOGO-да Қазақстанды ғана емес, әлемді де таңдандырған аңыз спорт саңлақтарына арналған деректі хикаялар топтамасын дайындадық!
Әмен Тұяқов

Бұл — Қазақстанның даңқты жеңіл атлеті Әмен Тұяқовтың өмірі мен жарқын мансабы туралы хикая. Фильм чемпионның кәсіби спорттағы жетістіктерімен таныстырады. Ол өзінің еңбек жолында осы спорт түрінің бас бапкері атанып, «Барыс» орденімен марапатталды және туған өлкесі — Маңғыстау облысының құрметті азаматы ретінде танылды.
Қажымұқан Қазақстанда аңызға айналған грек-рим күрескері ретінде танымал! Ол туралы екі биографиялық фильм түсірілген, олар барлық рейтингтерде жоғары орын алады. Төменнен әрқайсысының қысқаша сипаттамасын оқи аласыз:
Его звали Хаджи Муканов

Фильм бізді оның тағдырының барлық кезеңдері арқылы жүргізеді: қарапайым отбасында дүниеге келуінен бастап спорттағы алғашқы қадамдарына дейін, табанды жаттығулар мен алғашқы жеңістерінен әлемдік мойындауға дейін. Қажмұқан күштің символына айналып, келер ұрпаққа үлгі болды, ал оның есімі мәңгілікке Қазақстан күресінің тарихына енді.
Наследники Хаджимукана

Оның жолы таңғаларлық: қарапайым жасөспірімнен танымал күш иесіне, цирк артиcтіне және көрермендерді топтап тартқан спортшыға айналды. Қажымұқан Қазақстанның ең көрнекті балуандарының бірі ретінде өзін дәлелдеген алғашқы спортшылардың бірі болды. Ол грек-рим күресінен әлем чемпионы атанып, атақтарды тек туған елінде ғана емес, Америка мен Еуропада да жеңіп алды.
Чемпион. Воля к победе

Бұл жоба Қазақстанның грек-рим күресінен алғашқы олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі мен спорттағы жолы туралы. Батыр қызықты өмір сүріп, спортқа өз ізін қалдырды. Кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін жаттықтырушы және қоғамдық қайраткер болды. Бұл фильм біздің аңыздың мінез күші, ұлттық мақтанышы және жеңіске деген ерік-жігері туралы.
MEGOGO платформасында Қазақстанның күшін мен талантын әлемдік ареналарда көрсеткен спортшылар туралы фильмдерді көріңіз!
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас