2 күн бұрын

Таэквондо федерациясының қорытынды конференциясында не айтылды?

Таэквондо федерациясының қорытынды конференциясында не айтылды?

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Шымкент қаласында Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының жылдық қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Шымкент қаласында Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының жылдық қорытынды конференциясы ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиев төрағалық етті.

Жылдық конференцияға Федерацияның Құрметті президенті Шамсат Исабеков, құрметті ардагері Шадияр Қондыбаев, сондай-ақ облыстық және аймақтық федерация президенттері қатысты.

Конференция барысында Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Атап айтқанда, Федерация президентінің жылдық есебі тыңдалды.

Жиын барысында құрметті қонақтарға сөз беріліп, Федерацияның Құрметті президенті Шамсат Исабеков таеквондоны дамыту бағытындағы ой-пікірлерімен бөліссе, құрметті ардагер Шадияр Қондыбаев атқарылған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, аймақтық федерация президенттері өз өңірлеріндегі таеквондо спортының дамуы бойынша сөз сөйлеп, бойынша есеп берді.

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстандағы таеквондо (WT) спортын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас