2 күн бұрын

Әлем кубогы спринтінде Қазақстандықтар бақ сынады

Әлем кубогы спринтінде Қазақстандықтар бақ сынады

Францияның Анси-Ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан әлем кубогының үшінші кезеңі басталды.

Жарыс аясында әйелдер спринті өтті. Қатысушыларға 7,5 шақырым қашықтықты екі ату кезеңімен еңсеру қажет болды.

Жеңіске швед спортшысы Ханна Эберг жетті. Екінші орынды француз Лу Жанмонно, үшінші орынды италиялық Доротея Вирер алды.

Қазақстан құрамасы спринтте 60 спортшыға арналған жалғасу жарысына жолдама ала алмады.

  • Милана Генева – 83-орын
  • Алина Скрипкина – 91-орын
  • Дарья Климина – 93-орын



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас