1 күн бұрын

Биатлоннан әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы сынға түседі

Биатлоннан әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы сынға түседі

Фото: Қазақстан ҰОК

Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында өтетін биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы спринт жарысына қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Спортшылар 10 шақырым қашықтықты екі атыс шебімен бағындырады.

Аталған жарыста Қазақстан намысын үш биатлоншы қорғайды. Спринтте Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Вадим Куралес стартқа шығады.

Жарыстың басталу уақыты — Астана уақытымен 18:15.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас