1 күн бұрын
Биатлоннан әлем кубогында Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай?
Фото: Қазақстан ҰОК
Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс аясында әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте спортшылар екі атыс шебінен өтті.
Жеңіс Швеция өкілі Ханна Эбергке бұйырды. Екінші орынды Франция спортшысы Лу Жанмонно иеленсе, Италия құрамасының өкілі Доротея Вирер үшінші нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасының спортшылары із кесу жарысына жолдама берілетін алғашқы 60 биатлоншының қатарына ене алмады.
Нәтижесінде Милана Генева 83-орынға ие болды. Алина Скрипкина 91-орында, ал Дарья Климина 93-орында мәреге жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас