1 күн бұрын

Алматыда 2025 спорт жылының қорытындысы шығарылды

Алматыда 2025 спорт жылының қорытындысы шығарылды

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Beles Almaty 2025 спорт жылының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Салтанатты іс-шара Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өтті.

Қала әкімі Алматының елдегі жетекші спорт орталығы ретіндегі маңызын, спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктерін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, алты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, «Медеу» спорт кешенін жаңғырту және 45 мың орындық жаңа стадионның салынуы тілге тиек етілді.

Сонымен қатар Қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа ерекше назар аударылды. Марапаттау рәсімі барысында спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетіліп, іс-шара мәдени бағдарламамен аяқталды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас