3 күн бұрын

Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионатында топ жарды

Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионатында топ жарды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS нұсқасы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді.

Осы арқылы Әмір қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров былтыр Париж Олимпиадасына қатысып, ширек финал жеткен.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас