3 күн бұрын
Астанада жылдың үздік жаттықтырушысы анықталды
Бүгін, 23 желтоқсан күні Астана қаласыняң Дене шынықтыру және спорт басқармасы жылдың үздіктерін марапаттап жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Салтанатты шарада жылдың үздік жаттықтырушысы болып Меруерт Балғынбаева танылды. Ол 2025 жылы жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева және топтық жаттығудан Азия чемпиондарын даярлады.
Айта кетейік, кеш барысында 2025 жылы спорт саласындағы негізгі бағыттарды қамтитын «Жылдың үздік спортшысы», «Пара-сурдо-инклюзивті спортшысы», «Ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы», «Үздік жаттықтырушы», «Жыл серпілісі», «Үздік спорттық ұйым», «Үздік спорттық арна», «Үздік спорттық портал» және басқа да аталымдар бойынша жеңімпаздардың есімі белгілі болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов