2 күн бұрын
Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы басталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазіргі таңда Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Республикалық турнирге елдің 11 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыс аясында спринт бағдарламасы бойынша үздіктер анықталды. Ерлер арасында алтын медальді Константин Борцов жеңіп алды. Күміс жүлде Сұлтан Базарбековке бұйырса, қола жүлдені Дастан Қалыбеков еншіледі.
Әйелдер арасындағы жарыста Анна Мельник жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Екінші орынды Надежда Степашкина иеленді. Ал қола жүлде Дарья Ряжкоға бұйырды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас