21 сағат бұрын

Қазақстан таеквондо құрамасының 2026 жылғы жоспары қандай?

Қазақстан таеквондо құрамасының 2026 жылғы жоспары қандай?

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Президенті Кудрәт Шамиев пен таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Бапкерлер қосыны 2025 жылды қорытындылап, жаңа спорт маусымына арналған стратегиялық жоспарларымен бөлісті. Бас бапкер Есбол Сұлтанов бастаған ұлттық құраманың жаттықтырушылары мен Федерация өкілдері 2026 жылға нақты жоспар бекітті. 

Сондай-ақ, жиынға жаттықтырушы-кеңесшілер Александр Лашпанов, Фатима Сафарпур, аға жаттықтырушылар Болат Райбеков, Ренат Құралбаев, Давран Ризаев, Нұрсұлтан Мамаев және Айнұр Асабаева, U21 құрамасының аға жаттықтырушысы Дархан Қыстаубаев қатысты. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас