14 сағат бұрын
Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогында кімдер топ жарды?
Фото: Қазақстан ҰОК
Шаңғы жарысынан Щучье қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогы аясында масс-стартта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Күміс жүлде Олжас Климинге бұйырса, қола медальға Виталий Пухкало ие болды.
Әйелдер бәсекесінде Надежда Степашкина бірінші орын алды. Екінші болып Ксения Шалыгина мәре сызығын кессе, Дарья Ряжко үшінші орынды қанағат тұтты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас