5 күн бұрын
Волейболдан әйелдер арасында ешкім үміт күтпеген команда Қазақстан Кубогын жеңді
Өскемен қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін финалдық кездесуде басты фаворит саналған «Қуаныш» клубы аутсайдер «Тұранмен» кездесті. Сана Анарқұлова сынды көшбасшысы бар «Қуаныш» командасы тізгінді өз қолдарына алып, жеңіске жетуге жақын болғанымен, Түркістан облысының ұжымы соңғы допқа дейін үміттерін үзбеді. Нәтижесінде турнирде мүлдем ешкім үміт күтпеген «Тұран» 3:2 (23:25, 25:19, 21:25, 28:26, 15:9) есебімен жеңіп кетті .
Айта кетейік, «Жетісу» бұған дейін чемпион саналып келген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов