3 күн бұрын

Пекинде Қазақстандық спортшылар мәнерлеп сырғанауда бақ сынайды

Пекинде Қазақстандық спортшылар мәнерлеп сырғанауда бақ сынайды

Қазақстанның фигуралық мәнерлеп сырғанау бойынша ұлттық құрамасы Пекинде (Қытай) өтетін төрт құрлық чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр.

Елдер құрамаларының өтініштері Халықаралық конькобеушілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланды.

Ерлер арасында жеке сында команда атынан Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Олег Мельников шығады (Никита Кривошеев пен Артур Смагулов – қосалқы құрамда).

Әйелдер арасында Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.

Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев Қазақстан атынан жұптық билерде бақ сынайды.

Турнир 21–25 қаңтар аралығында өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас