6 сағат бұрын

Брейкингтен Диас Әубәкіров Dubai Open Breaking 2025 жарысына қатысты

Брейкингтен Диас Әубәкіров Dubai Open Breaking 2025 жарысына қатысты

Қазақстандық брейкер Диас Әубәкіров (B-boy Dias) Дубай қаласында (БАӘ) өткен халықаралық Dubai Open Breaking 2025 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыстың іріктеу кезеңінде Диас сенімді өнер көрсетіп, өзіндік стилі мен күрделі элементтері арқылы қарсыластарынан озып, негізгі кезеңге 5-орынмен жолдама алды. 1/16 финалда ол Ресейден келген қарсыласын 2:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда ресейлік клубтасынан да 2:0 есебімен басым түсіп, үздік сегіздікке өтті.

Ширек финалда Диас Әубәкіров отандасы Әмір Закировпен кездесті. Тартысты өткен баттлда Диас жоғары креативтілік пен мінез көрсеткенімен, қазылар шешімі бойынша жеңіс қарсыласына бұйырды.

Турнир қорытындысы бойынша Диас Әубәкіров 7-орынды иеленіп, жарыстың үздік брейкерлері қатарына енді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының брейкингтен ұлттық құрамасының аталған халықаралық турнирге қатысуы «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының мен Sport Qory арқылы жүзеге асты.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас