2 күн бұрын
Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін Әлем чемпионы атанды
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Қатар астанасы Дохада өткен шахматтан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында 21 жастағы Бибісара Асаубаева блицтен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық шахматшы швейцариялық жүйе бойынша өткен турнирде 15 турдың қорытындысында 1-орын алып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда қытайлық Чжу Цзиньэрді, ал финалда украиналық Анна Музычукты жеңді.
Осылайша шахматшы блицтен Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін Әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас