2 күн бұрын
Бибисара Асаубаева блиц шахматынан үшінші рет әлем чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева блиц шахматынан 2025 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Финалда ол Украина өкілі Анна Музычукты жеңді. Тараптар арасындағы үш партия тең аяқталып, шешуші төртінші ойында Асаубаева басым түсті.
Осылайша, Бибисара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды (2021, 2022, 2025).
Жеңіспен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, шахматшының еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтатқанын атап өтті. Президенттің шешімімен Бибисара Асаубаева «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапатталды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас