3 күн бұрын

НБА рекордтық қаралым жинады

НБА рекордтық қаралым жинады

Католиктердің Рождествосы күні, 25 желтоқсанда өткен НБА матчтары соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрермен көрсеткішін тіркеді.

ABC News дерегінше, ABC және ESPN арналарында көрсетілген бес ойынды АҚШ бойынша жалпы 47 миллионнан астам адам тамашалаған. Бұл өткен жылғы Рождестволық ойындармен салыстырғанда 45 пайызға көп. Әр матчтың орташа аудиториясы 5,5 миллион көрерменді құрап, былтырғы маусымнан 4 пайызға артты.

Күннің ең танымал ойыны «Нью-Йорк Никс» пен «Кливленд Кавальерс» арасындағы кездесу болды. Түскі уақытта басталған матчты орта есеппен 6,4 миллион адам көріп, бұл Рождество күніндегі осы уақыт белдеуіндегі рекордтық көрсеткішке айналды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас