24 сағат бұрын
Асаубаева әлем чемпионатында қанша сыйлықақы алды?
Қазақ шахматшысы Бибисара Асаубаева Дохада өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін қанша сыйлықақы алғаны белгілі болды.
Дереккөздің мәліметінше, атақты турнирде жеңіске жеткені үшін Асаубаева 40 мың еуро (шамамен 23,8 млн теңге) алды. Финалда Қазақстан өкілі Украина спортшысы Анна Музичукты 2,5–1,5 есебімен жеңіп, 2026 жылғы FIDE Әйелдер турнирі қатысушыларына жолдама алды.
Айта кетейік, Бибисара Асаубаеваның 2025 жылғы блиц бойынша әлем чемпионаты титулы оның үшіншісі болып есептеледі. Бұған дейін ол 2021 және 2022 жылдары да әлем чемпионы атанған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас