2 күн бұрын

Семсерлесуден Софья Актаева әлем кубогында күміс алды

Семсерлесуден Софья Актаева әлем кубогында күміс алды

Фото: Қазақстан ҰОК

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.

Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.

Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас