2 күн бұрын
Шәкірттерімнің жетістігін жоғары бағалаймын – таэквондо бапкері
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Таэквондодан Қазақстан 21 жасқа дейінгі құрамасының аға жаттықтырушысы Давран Разиев шәкірттерінің өткен жылғы жетістіктері жөнінде Sport12.kz тілшісімен ой бөліскен еді.
- Қазақстандық жастар әлем чемпионатында жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жетістікті қалай бағалайсыз? Көңілден шықты ма?
- Дүниежүзілік додада жүлдеге қол созу оңайға түспейді. Өйткені, әрбір спортшының негізгі мақсаты - жанкүйерлер сенімін ақтау, елге табысты оралу. Шәкірттерім бұл талапты жақсы түсінді. Әрбір жекпе-жегінің жауапкершілігін сезінді. Сондықтан сайыс барысында ширақ қимылдап, жеңіске деген жігер танытты. Бұл - әрбір спортшыға қажетті қасиеттің бірі. Осылайша біз беделді бәсекеде қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтап, жеңіс тұғырынан көріндік, жүлдеге қол жеткіздік. Шәкірттерімнің жетістігін жоғары бағалаймын. Олар өте жоғары дәрежеде ойын көрсетті.
Әлем чемпионатына дайындығымыз жоғары деңгейде өтті. Спортшылар тыңғылықты дайындала білді. Оқу-жаттығу жиындары барысында шеберлігін жетілдіріп, бұрынғы қателіктерден сабақ алуға тырысты. Бұл шәкірттеріме оң әсер етті. Алғашқы сәттен қарсыластарын қапы қалдыру жолын іздеді. Олардың арасынан Бейбарыс Қаблан мен Батырхан Төлеуғали жеңіс тұғырынан көрінді.
- Алда қандай жарыстар бар ?
- Бізді әлі де көптеген сайыстар күтіп тұр. Сондықтан дайындық мәселесін естен шығармаймыз. Спортшылардың әрдайым бабында болуына назар аударамыз. Оқу-жаттығу жиындары жалғасады. Олардың шеберлігін шыңдауға, тәжірибесін арттыруға көңіл бөлеміз. Қазақстандық таэквондошылар әлі де жанкүйерлерді қуантатын болады деген ойдамын. Оған лайықты жастарымыз бар. Бастысы, біз олардың үнемі бабында болуын қадағалап, толайым табыстарға жол ашамыз
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас