2 күн бұрын

Олимпиада, Азиада, әлем чемпионаты: 2026 жылы өтетін ірі спорттық додалар

Олимпиада, Азиада, әлем чемпионаты: 2026 жылы өтетін ірі спорттық додалар

Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2026 жылы өтетін ірі спорттық додаларды жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

▪️2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары

Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындары - 2026 жылдың басты спорттық додасына айналмақ. Олимпиада аясында мұздағы және таудағы спорт түрлері бір алаңда тоғысады. Ал ашылу және жабылу салтанаты елдің тарихи әрі символдық орындарында ұйымдастырылады.

▪️2026 жылғы Азия ойындары 

Жазғы спорт түрлері бойынша жылдың басты жарысы - Азия ойындары болмақ. Аталған турнир 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтеді.

▪️2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы

Жыл соңында Сенегал астанасы Дакар IV жазғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарын қабылдайды. Дода 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

▪️Жабық кешендегі және жекпе-жек спорт түрлері бойынша 2026 жылғы Азия ойындары

Ойындар 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтіп, Азиада-2034 алдындағы маңызды сынақ ретінде қарастырылады. Айта кетейік, бұл Азиаданы да Эр-Рияд қабылдайды.

▪️2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары 

2026 жылғы жағажай Азиадасы 22-30 сәуір аралығында Қытайдың Хайнань аралындағы Санья қаласында өтеді. Мұнда су спорт түрлері, жазғы спорттың жағажайдағы нұсқалары, спорттық құзға өрмелеу, жеңіл атлетиканың жекелеген дисциплиналары, желкенді спорт және жекпе-жек түрлері қамтылады.

▪️2026 жылғы әлем чемпионаттары

Сонымен қатар қазақстандық спортшыларды көптеген әлем біріншілігі күтіп тұр. 

- Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты (классикалық және спринттік көпсайыс) - Херенвен, Нидерланд (5-8 наурыз)

- Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты - Торунь, Польша (20-22 наурыз)

- Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты - Прага, Чехия (23-29 наурыз)

- Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты - Лондон, Ұлыбритания (28 сәуір - 10 мамыр)

- Семсерлесуден әлем чемпионаты - Гонконг (21-30 шілде)

- Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты - Франкфурт, Германия (12-16 тамыз)

- Күрес түрлерінен әлем чемпионаты - Манама, Бахрейн (5-13 қыркүйек)

- Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты - Монреаль, Канада (20-27 қыркүйек)

- Триатлоннан әлем чемпионаты - Понтеведра, Испания (23-27 қыркүйек)

- Садақ атудан әлем чемпионаты - Янктон, АҚШ (24 қыркүйек - 4 қазан)

- Дзюдодан әлем чемпионаты — Баку, Әзірбайжан (4-11 қазан)

- Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты - Шанхай, Қытай (14-18 қазан)

- Спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты - Роттердам, Нидерланд (17-28 қазан)

- Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты - Нинбо, Қытай (27 қазан - 8 қараша)

- Нысана көздеуден әлем чемпионаты - Доха, Қатар (1-15 қараша)

- Қысқа суда жүзуден әлем чемпионаты - Бейжің, Қытай (1-6 желтоқсан)

Маусым барысында спорттық күнтізбеде өзгерістер болып, жарыс саны артуы мүмкін.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас