2 күн бұрын
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс 8-11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.
«Сарыарқа» велотрегі елдің ең мықты шабандоздарын қабылдайды. Олар ұлттық чемпион атағы мен жаңа маусымдағы алғашқы рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Бәсекелер ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Сондай-ақ жарысқа жасөспірімдер де қатысады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас