2 күн бұрын

Қазақстандық киберспортшы HLTV рейтингіндегі үздік алтылықта

Қазақстандық киберспортшы HLTV рейтингіндегі үздік алтылықта

Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко Counter-Strike 2 бойынша HLTV.org нұсқасына сай 2025 жылдың үздік ойыншылары рейтингінде алтыншы орынға тұрақтады. Қорытынды тізім порталдың ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланды.

2025 жыл бойы molodoy бразилиялық FURIA ұйымының сапында өнер көрсетіп, қысқа уақыт ішінде әлемдік деңгейде өзін дәлелдей алды. Қазақстандық ойыншы командадағы дебютін PGL Astana 2025 турнирінде өткізіп, кейін ұжыммен бірге төрт ірі халықаралық жарыста жеңіске жетті.

Маусым қорытындысы бойынша Голубенко:

  • FISSURE PLAYGROUND 2 — CS,
  • Thunderpick World Championship 2025,
  • IEM Chengdu 2025,
  • BLAST Rivals Fall 2025 турнирлерінің чемпионы атанды.

Екі турнирде molodoy MVP атанса, басқа бірқатар жарыстарда MVP және EVP жүлделеріне ие болды. Оның 2025 жылғы орташа рейтингі — 1,14.

2025 жылдың үздік үш ойыншысы 10 қаңтар күні Сербияның Белград қаласында өтетін HLTV Awards 2025 салтанатты рәсімінде жарияланады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас