4 күн бұрын
Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогында медальға таласа алмады
Германияның Оберхоф қаласында өткен биатлон бойынша әлем кубогының кезеңінде ерлер эстафетасы аяқталды. Қазақстан құрамасын Владислав Киреев, Асет Дюсенов, Вадим Куралес және Александр Мухин таныстырды.
Команда жарысты 16-шы орынмен аяқтап, медальға таласа алмады. Жарыстың жеңімпазы — Норвегия командасы, екінші орында Франция, үшінші орында Швеция командалары болды.
Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы еркін стильде могулдан әлем кубогының Валь-Сент-Коме (Канада) кезеңінде өнер көрсеткен еді. Сол жарыста Анастасия Городко команда ішінде ең жақсы нәтиже көрсетіп, екі рет қола медальға бір қадам қалды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!