4 күн бұрын
Фристайл-акробатикадан әлем кубогында Шерзод Хаширбаев 17-орын алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, алғашқы күні жекелей сайыста өнер көрсетті.
Ерлер арасында Шерзод Хаширбаев 17-орынға табан тіреді. Роман Иванов 25-орынды иеленсе, Асылхан Асан - 27, Ұланбәкір Өмірзақов - 30, Дінмұхамед Райымқұлов 33-орынмен жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында Аяна Жолдас тіркелгенімен, жарысқа қатысқан жоқ.
Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні 13 қаңтарға қараған түні өтеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!