3 күн бұрын

Фристайл-акробатикадан әлем кубогында Асылхан Асан үздік ондыққа енді

Фристайл-акробатикадан әлем кубогында Асылхан Асан үздік ондыққа енді

Фото: Қазақстан ҰОК

Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12kz.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, оныншы орынға тұрақтады. Роман Иванов 11-орынды иеленді.

Дінмұхамед Райымқұлов 14-ші, Шерзод Хаширбаев 23-ші, ал Ұланбәкір Өмірзақов 31-ші орынға тұрақтады.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!