2 күн бұрын
Биатлоннан әлем кубогында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Бүгін, 14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші жарыс күні әйелдер арасындағы 4x6 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді.
Қазақстан атынан Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина жарыс жолына шығады.
Жарысқа барлығы 19 команда қатысады. Басталуы - Астана уақытымен 18:30-да.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!