19 сағат бұрын

Елордалық мерген Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Елордалық мерген Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қатар мемлекетінің Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Құрлықтық додаға 20-дан астам елдің таңдаулы спортшылары қатысуда.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы «скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасындағы командалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальға қол жеткізді. Жеңімпаз команда сапында Астана қаласының спортшысы Заводиленко Владислав өнер көрсетті.

Сонымен қатар, елордалық мерген Владислав жасөспірімдер арасындағы «скит» жаттығуының жеке сынында үздік үштіктен көрініп, қола жүлдені еншіледі.

Алдағы күндері Қазақстанның құрама командасы трап, скит, трап-микс, скит-микс түрлері бойынша, сондай-ақ командалық және жеке есептегі жаттығуларда бақ сынайды.

Айта кетейік, стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!