3 күн бұрын

Биатлоннан әлем кубогында Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Биатлоннан әлем кубогында Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Фото: Қазақстан ҰОК

22 қаңтарда Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Алғашқы жарыс күні ерлер арасында жекелей сайыс өтеді.

Қазақстан құрамасынан жарысқа үш спортшы қатысады. Ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғысы болмақ. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына енген болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!