3 күн бұрын
Самоделкина төрт құрлық жарысында үздік 5 қатарына кіре алмады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті.
Өз бағдарламасының қорытындысы бойынша Самоделкина 62,29 ұпай жинап, аралық тоғызыншы орынға тұрақтады. Қазақстан атынан қатысқан тағы бір спортшы Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламадан кейін көшбасшылар қатарын жапониялық спортшылар бастады. Ами Накаи 73,83 ұпаймен бірінші орынға шықса, Юна Аоки 71,41 ұпаймен екінші, ал Монэ Тиба 68,07 ұпаймен үшінші орынды иеленді.
Әйелдер арасындағы еркін бағдарлама 23 қаңтарда өтеді. Төрт құрлық чемпионаты 25 қаңтарға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!