5 сағат бұрын
Фигуристтеріміздің төрт құрлық чемпионатындағы орны белгілі болды
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанау шеберлері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Пекинде (Қытай) өткен төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетті.
Спортшылар Қазақстан атынан мұздағы би сайысында бақ сынады. Ритмдік би бойынша олар 12-орында болды.
Еркін бағдарлы би кезеңінде Датиев пен Наурызова 84,95 ұпай жинады. Жиынтық көрсеткіш бойынша қазақстандықтар 137,34 ұпайға ие болып, жалпы есепте 12-орынды иеленді.
Жүлдегерлер қатарында АҚШ құрамасы – Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86), күміс медальді Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс (194,72), ал қола медальді Уна Браун мен Гейдж Браун (190,78) алды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!